Алматыда атыс ұйымдастырған сотталушының үйі кімге беріледі?

Алматы жеке сот орындаушылар палатасы басшысының орынбасары Руслан Исаевтың айтуынша, ешкім әлі үйден адамдарды шығару туралы шешімін өзгерткен жоқ. Сондықтан бұл құжат әлі де қаралып жатыр. 20 қыркүйекте болған қайғылы жағдайға байланысты іс басқа сот орындаушысына берілді.

Жаңа сот орындаушы бәрін жалғастырады, яғни іс жүргізу жалғаса береді. Бірақ біз заңды мирасқор келгенше күтеміз, бұл талап қоюшының, яғни марқұмның жақын туыстары, − деді Руслан Исаев.

Мәліметтерге сүйенсек, тұтқындалған Игорь Дужновтың отбасы сол үйде тұра береді. Суық күндердің басталуына байланысты көшіру кейінге қалдырылатыны айтылды. Өйткені суық мезгілде адамдарды үйден шығару заңда рұқсат етілмеген.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Алатау ауданында сот қаулысының орындалуы кезінде ер адам 5 азаматты атып өлтірген. Енді күдікті 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылады.