Министрліктің баспасөз қызметі қазақ тілінде білім беретін мектептердің 1-сынып оқушыларына арналған «Менің алтын жазу үлгім» атты жазу дәптерлері С.В.Трофимованың авторлығымен, «8&8» баспасында шыққанын мәлім етті. Айта кетерлігі, бұл дәптер мемлекеттік сараптамадан да өтпеген.
ҚР «Білім туралы» заңына сәйкес тек оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер ғана сараптамадан өткізіледі. Оқу-әдістемелік кешен дегеніміз – оқулық бойынша және міндетті талаптарға сәйкес әзірленген әдістемелік нұсқаулық.
Аталған жазу дәптері секілді қосымша оқу басылымдарын, оқулықтарды, дәптерлерді және басқа қосымша материалдарды таңдау құқығы білім беру ұйымдарына берілген.
Аталған жағдайды болдырмау үшін жоғарыда көрсетілген мәселелерді реттеу мүмкіндігі қаралатын болады.
Мұндай басылымдар әрқашан ашық сатылымда немесе интернетте қолжетімді. Қосымша оқулықтар, ертегілер жинақтары және дәптерлер арнайы бекітілмейді. Бекітілген ресми дәптерлер тізімінде мұндай басылым жоқ екеніне тағы да назарларыңызды аударамыз, − делінген министрліктің жазбасында.
Десе де, ведомство өкілдері мемлекеттік білім беру ұйымдарына мұндай жазу дәптері сияқты қосымша оқу басылымдарын таңдау құқығы берілгенін атап өтті. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрінің 19.01.2016 жылғы №44 бұйрығының 38-тармағында айтылған екен.