Департамент директорының айтуынша, осы жылы картоп бағасы әдеттегідей халыққа қолжетімді болады.
Биыл картоп килограмы 200 теңгеден сатылды. Қазіргі шығындарды және бағаның аздап өсуін ескерсек, көктемде құны 200-250 теңге шегінде болады деп болжап отырмыз. Сәбіз 30-40 теңгеге қымбаттауы мүмкін, − деді Азат Сұлтанов Үкіметтің маусымаралық кеңесінде.
Айта кетейік, елімізде картоптың негізгі өнімі Павлодар, Қарағанды, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында жиналады.
Ол кеңес барысында көкөніс бағасының күрт өсуіне жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылданғанын атап өтті. Осыған орай қазақстандық картоп өсірушілерге мамыр айына дейін келісімшарт жасау, яғни бағаны белгілеу ұсынылады.