Димаш Құдайберген Қытайға қайта барғанын және шығармашылығын жалғастыратынын айтты.
Достар, сіздермен жаңалық бөліскім келеді. Мен екі жылдан кейін Қытайға оралып, әлемдік шоу бизнестегі жұмысымды жалғастыру үшін келдім. Әлемдегі карантиннің кесірінен бұл кездесуді екі жыл күттік. Бір айға жуық уақыт оқшаулануда болған кезімде көптеген жоспар құрып, соларды Қытайдағы өз командаммен бірге орындамақпын, − деп жазды Димаш Құдайберген Instagram-дағы парақшасында.
Бұдан бөлек, отандасымыз эпидемиялық ахуалға байланысты шектеу болмаса, біраз елде телевизиялық бағдарламалар мен әртүрлі концерттерге қатысатынын жеткізді.