Мемлекет басшысының жарлығымен Сәбила Сапарқызы Мұстафина мен Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына лауазымына тағайындалды.
Айта кетейік, Сәбила Сапарқызы Мұстафина 1960 жылы 9 қарашада Ақмола облысы Ерейментауда дүниеге келді. 1982 жылы Целиноград ауыл шаруашылығы институтын ауылшаруашылығы өндірісінің экономист-ұйымдастырушысы мамандығы бойынша, 1990 жылы БЛКЖО ОК жанындағы Жоғары комсомол мектебін бітірді, саясаттанушы.
Еңбек қызметі:
1982-1983 жылдары – Целиноград ет-сүйек ұны зауытының бас экономисі;
1983-1985 жылдары – Целиноград ауыл шаруашылығы институтының оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы;
1985-1991 жылдары – совет аудандық комитетінің бірінші хатшысы, ҚЛКЖО Целиноград облыс комитетінің екінші хатшысы;
1991-1995 жылдары – ЛКЖО ОК-нің хатшысы, Қазақстан жастары одағы ОК хатшысы;
1995-1996 жылдары – «Айсар» ЖШС бас директорының орынбасары;
1996-1999 жылдары – республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің консультанты;
02.1999-12.2002 жылдары – Президент жанындағы отбасы және әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссия төрағасы хатшылығының меңгерушісі;
12.2002-11.2003 жылдары – премьер-министр хатшылығының меңгерушісі;
11.2003-04.2004 жылдары – президент кеңсесінің мемлекеттік инспекторы;
04.2004-11.2004 жылдары – мемлекеттік хатшы хатшылығының бас инспекторы;
11.2004-11.2006 жылдары – Астана әкімінің орынбасары
11.2006-04.2008 жылдары – Президент әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің әлеуметтік саласы секторының меңгерушісі;
04.2008-11.2011 жылдары – Астана «Сарыарқа» ауданының әкімі;
11.2011-09.2016 жылдары – Астана «Есіл» ауданының әкімі;
Қазақстан Республикасы президентінің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жарлығымен орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
2017 жылы 19 шілдеден бастап – орталық сайлау комиссиясының хатшысы болды.
Ал Константин Викторович Петров 1969 жылы 18 маусымда Ақтөбеде дүниеге келген. 1991 жылы Құдайберген Жұбанов атындағы Ақтөбе педагогикалық институтын бітірген.
Еңбек қызметі:
1991-2004 жылдары – Ақтөбе қаласының №3 орта мектебінің химия және биология пәнінің мұғалімі, ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Ақтөбе әкімінің көмекшісі, Ақтөбе ферроқорытпа зауытының әкімшілік-шаруашылық қызмет және абаттандыру цехы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
08.2004-04.2008 жылдары – Ақтөбе облысы әкімінің көмекшісі;
04.2008-01.2009 жылдары – Ақтөбе облысы ішкі саясат басқармасының бастығы;
01.2009-24.08.2015 жылдары – Ақтөбе облысы әкімі аппаратының басшысы;
24.08.2015-09.2016 жылдары – Президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
Президенттің 2016 жылғы 30 қыркүйектегі жарлығымен орталық сайлау комиссиясының мүшесі болып тағайындалды;
2017 жылы 29 тамыздан бастап – орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.