Басты бет Жаңалықтар 17 қаңтар Қырғызстанда қаралы күн деп жарияланды

17 қаңтар Қырғызстанда қаралы күн деп жарияланды

17 қаңтар Қырғызстанда жүк ұшағының апатқа ұшырауынан қаза тапқандарды еске алуға байланысты Президент Алмазбек Атамбаевтың жарлығымен қаралы күн деп жарияланды, деп хабарлайды Baq.kz.

©tengrinews.kz

«Бұл күні елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Сондай-ақ барлық өкілдіктерде көңіл айту кітабы ашылады. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларды көрсетуге тыйым салынады», — делінген Жарлықта.

Әуе кемесінің меншік иесі АСТ Airlines компаниясы да ұшақ апатынан мерт болғандар мен жапа шеккендердің отбасыларына өтемақы төлейді. АСТ Airlines компаниясының ресми мәлімдесінде айтылғандай, Boeing-747-400F ұшағының бортында 85 тонна 618 келі жүк болған.

«Қырғызстан ведомстволары лайнердің неден құлағанын анықтап жатыр. Бортта болған барлық жүк сақтандырылған», — делінген хабарламада.

Қазір Бішкек түбінде Boeing құлаған аумақта іздеу жұмыстары жанданды.

«Қазіргі таңда ұшақ құлаған орында іздеу жұмыстары қайта басталды. Оқиға орнында ТЖМ-ның 50 шақты құтқарушысы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады министрлік өкілі.

Апат орнында ТЖ министрінің орынбасары да жүр, ол іздеу жұмыстарының барысын жеке өзі қадағалауда.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version