17 қаңтар Қырғызстанда қаралы күн деп жарияланды

«Бұл күні елдің барлық аумағында, сондай-ақ шетелдегі дипломатиялық және консулдық өкілдіктердің ғимараттарында Қырғыз Республикасының мемлекеттік туы төмен түсіріледі. Сондай-ақ барлық өкілдіктерде көңіл айту кітабы ашылады. Мәдениет мекемелері мен телерадиокомпанияларға ойын-сауық шаралары мен бағдарламаларды көрсетуге тыйым салынады», — делінген Жарлықта.

Әуе кемесінің меншік иесі АСТ Airlines компаниясы да ұшақ апатынан мерт болғандар мен жапа шеккендердің отбасыларына өтемақы төлейді. АСТ Airlines компаниясының ресми мәлімдесінде айтылғандай, Boeing-747-400F ұшағының бортында 85 тонна 618 келі жүк болған.

«Қырғызстан ведомстволары лайнердің неден құлағанын анықтап жатыр. Бортта болған барлық жүк сақтандырылған», — делінген хабарламада.

Қазір Бішкек түбінде Boeing құлаған аумақта іздеу жұмыстары жанданды.

«Қазіргі таңда ұшақ құлаған орында іздеу жұмыстары қайта басталды. Оқиға орнында ТЖМ-ның 50 шақты құтқарушысы жұмыс істеп жатыр», — деп хабарлады министрлік өкілі.

Апат орнында ТЖ министрінің орынбасары да жүр, ол іздеу жұмыстарының барысын жеке өзі қадағалауда.

ДереккөзBaq.kz