Болат Кальянбеков қазіргі журналистикадағы иммобилизм мен копирайт бәсекелестіктің нәтижесі екенін айтты.
Журналистикада иммобилизм мен копирайт көбейіп келеді. Жаман деп айтуға да болмайды, бұл бәсекелестіктің нәтижесі. Мұнда бірнеше объектив себеп бар. Бірінші – бұл пандемия. Көп басылым қашықтан жұмыс істеуді ұйғарды. Іс-шаралар онлайн режимде өтті. Журналистердің спикерлермен жеке байланыстары үзілді. Ары кетсе, сұхбат скайп арқылы өтеді. Нәтижесінде, журналистерге спикерлердің соңынан жүгірудің, ақпарат жинау үшін өңірлерге барудың қажеті жоқ. Олар күні бойы компьютерде. Осылай болғанына екі жылдан астам уақыт өтті, — деді Болат Кальянбеков.
Холдинг жетекшісі қазір мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеп жатқанын, тікелей эфир жүргізіп, ең маңызды ақпаратты орналастыратын аккаунттарын дамытып жатқанын атап өтті.
Сонымен бірге ол хайп пен эксклюзивке ұмтылу кезінде БАҚ жұмысының қағидаттары өзгеретінін айтты. Яғни, журналистер ақпараттың нақты дереккөзі болса, кез келген дүниені беруге болады деген қағиданы басшылыққа алады дейді. Ара-тұра «жедел» жаңалық ретінде тексерілмеген ақпараттар да жарияланып кететін проблемалар да жоқ емес.
Оқырмандарды іздеуде БАҚ қызықты әрі тартымды мазмұнға көбірек басымдық береді. Бұл көбінесе қатты айқайлайтын тақырыптарды шығаруға әкелді. Алайда, тақырыбы қызықты болғанымен, мазмұны кейде қызықсыз болып қалады. Нәтижесінде бүгінгі күн тәртібін әлеуметтік желілер қалыптастырып отыр. Бұл ретте әлеуметтік желілердің БАҚ-қа жүктелген ақпараттың дұрыстығын тексеру бойынша міндеттемелері жоқ екенін ескеру қажет, — деді Nur Media холдингінің жетекшісі.