Айдарбек Сапаровтың айтуынша, республикада 3,5 миллион тонна астық былтырдан қалған. Соның 2,8 миллион тоннасы – бидай.
Астықтың күтілетін жалпы мөлшері және былтырдан қалған астықты есептегенде, еліміздің ішкі қажеттілігін толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Баға қымбаттауы мүмкін деп айтылуда, алайда егін жеткілікті болғандықтан, бұл тұрғыда проблема болмайды, − деді вице-министр Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында.
Сонымен бірге республикадағы қоймалардың сыйымдылығы 29 миллион тоннаны құрайтынын айтты. Соның ішінде элеваторлар – 12,4 миллион тонна. Оған 2,6 миллион тонна астық түсірілген. Оның 2,2 миллион тоннасы – бидай. Түскен бидайдың 91%-і бірінші, екінші, үшінші сұрыпқа жатады. Ал 2023 жылы ол көрсеткіш 83%-і құрайды деп күтіліп отыр.