Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда мүгедек...

Қазақстанда мүгедек термині қолданыстан шығады

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов Сенат депутаттары ғанын айтты.

Заң жобасында «мүгедек» деген кемсітушілік терминін алып тастау сияқты нормалар қарастырылған. Сонымен бірге мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасыға «мүгедек баланы тәрбиелеп отырған отбасы» мәртебесін беру қарастырылған. Бүгін мұндай мәртебе жоқ. Мүгедек балалардың ата-анасының біреуіне немесе қамқоршысына санаторий-курорттық емделуге тегін жолдама беріледі. Бүгінгі таңда бұл шара заңды түрде бекітілмеген, − деді вице-министр ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Сонымен бірге ведомство өкілі мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындамағаны үшін жұмыс берушілердің төлемдерін міндетті түрде өтеу тетігі заңнамалық түрде енгізілетінін атап өтті.