Тараптар француз телеарнасының танымал балалар контентін қазақ тіліне аудару бойынша ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Француз тарапынан кездесуге M6 Thématique компаниясының телеарналар мен радиостансалар портфелін халықаралық дистрибуциялау жөніндегі директоры Жан-Рене Окутюрье, M6 Thématique халықаралық дистрибуция жөніндегі директоры және «Лти Восток» ЖШҚ бас директоры Мария Жабина-Пантелик қатысты.
Кездесу барысында Асылбек Есенбаев «Рухани жаңғыру» қызметін, сонымен бірге мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша іске асырылып жатқан жобалар туралы айтып берді. Олардың ішінде мемлекеттік тілді өскелең ұрпақ арасында танымал ету мақсатында қазақ тілінде танымал контент құру көзделген.
Атап айтқанда, тараптар телеарнаның мультипликациялық контентін қазақ тіліне аудару мәселелерін талқылады.
Өз кезегінде, Жан-Рене Окутюрье TiJi телеарнасы Қазақстанмен ынтымақтастық орнатуға қуанышты екенін атап өтіп, телеарна қызметі мен перспективалық жобалар туралы ақпаратпен бөлісті. Ол балалар арнасының мазмұны әлеуметтік желілерден айырмашылығы − балалар үшін қауіпсіз екеніне ерекше назар аударды. TiJi − ата-аналарға айтарлықтай ықпал етіп, жақсылыққа шақырады. Телеарна торында психологтар, нейробиологтар және мұғалімдер бар.
TiJi − телеарнасы балаларға арналған танымдық, сапалы контенттің әлемдік жеткізушісі. Айтулы жоба – балалар үшін қауіпсіз әрі ойын-сауық өнімдерінің желісі кеңінен қамтылған. Бұл «Рухани жаңғыру» жол картасында белгіленген басым бағыттардың бірі, – деп қорытындылады басқарма төрағасы Асылбек Есенбаев.