Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Елімізде коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар саны 7,5 миллионнан асты

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

28 қыркүйектегі мәлімет бойынша Қазақстанда 7 560 935  адам вакцинаның I компонентін, ал 6 452 766 адам вакцинаның II компонентін де салдырды, – делінген хабарламада.

Вакцинация бойынша Алматы мен Түркістан облысы көш бастап тұр. Алматыда коронавирусқа қарсы вакцинаның бір компонентін 945 613 адам салдырған. Ал Түркістан облысында екпе алғандар саны – 885 243.

Ең төмен нәтиже Мағыстау облысында тіркеліп отыр. Өңірде 155 884 адам коронавирусқа қарсы екпенің бір компонентін салдырған.

Айта кетейік, Қазақстанда COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны азайып келеді. Өткен тәулікте 1 719 адамнан коронавирус анықталды.

Коронавирус пен коронавирус белгілері бар пневмониядан 42 науқас қайтыс болды.

Exit mobile version