2016 жылдың 3 қаңтарында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолымен Меркеге отбасымен бірге бара жатқан тараздық әйел полицияға хабар берген. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Абай ауылының маңында қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар бетон шұңқырынан сәбиді алып шықты. «Жалаңаш тірі бала — қыз, дәрігерлерге берілді», — деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.
Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүгін Tengrinews.kz тілшісіне сәбидің ауруханаға суықтап қалған күйі түскенін айтты. Сәбиге өкпенің қабынуы деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр. «3 келі 600 грамм болып туған қыз. Оған әлі есім берілмеді, мұны әкімдік шешеді. Сәби толықтай сауығып кетпейінше ауруханада болады», — деп хабарлады басқармадағылар.
Осы дерек бойынша ҚР ҚК «қылмысқа оқталу» және «шешесінің өз баласын өлтіруі» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сәбидің шешесін іздеп жатыр.
Еске салайық, Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханадан нәресте табылған болатын. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты.
Ондай адамға бұл өмірде орын жоқ. Недеген тас жүрек адам еді , ең болмаса алла тағаладан қорықпай ма сондай қылмасқа барғаны адамдықтың қасиеті емес. Сондай балпанақтай нәрестеге жете алмай жүрген қаншама жас аналар бар.
маскара, баланың кандай кінәсі бар періште ғой
«Шешесін көріп, қызын ал»-деген мақал текке айтылмаған. Үйдегі анасынан көрген тәрбиеден қыз ешқайда асып кетпейді. Қазіргі әйелдер қауымы ,әсіресе қыз бала асырап.өсіріп отырған кісілер өздері арақ-шарап ішеді, түнгі жүрістері көп, сүйіп қосылған ерінен ажырасып, екінші,үшіншісіне күйеуге шығады. Біреудің ұйып отырған отбасын құртып,жүріс жүреді. Міне, осыны көріп өскен қыз бала, бойжеткен қайда барады?!) Өсек айтып уақытты кетіргендер көбейді. Бәрін де өзімізден көруіміз керек. Қоғамға саятын ештеңе жоқ. Қоғам желкесінде тұрып балалы қылдырып, оны лақтыртпайды және лақтырсын деген заң шығарған жоқ қой?! Ұят,ұят деген халық едік, қазір нағыз ұятсыз халықпыз. Неге мойындамаймыз?! Істеген қателігімізді әрдайым мойындап, көрші-көлемнің кеткен кемшілігін сыртынан ғайбаттап сөкенше, өз баламызды дұрыс жолға салуға бар күш-жігерімізді жұмсайық!