Тараздың дәрігерлері дәретханаға тасталған сәбидің жағдайын айтып берді

Жамбыл облыстық ІІД өкілдері "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолының бойында болған оқиғаның мән-жайын хабарлады.

2016 жылдың 3 қаңтарында «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолымен Меркеге отбасымен бірге бара жатқан тараздық әйел полицияға хабар берген. Тұрар Рысқұлов ауданындағы Абай ауылының маңында қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған. Оқиға орнына келген полицейлер мен құтқарушылар бетон шұңқырынан сәбиді алып шықты. «Жалаңаш тірі бала — қыз, дәрігерлерге берілді», — деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері.

Жамбыл облыстық Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүгін Tengrinews.kz тілшісіне сәбидің ауруханаға суықтап қалған күйі түскенін айтты. Сәбиге өкпенің қабынуы деген диагноз қойылды. Қазіргі таңда дәрігерлер оның жағдайын қалыпты деп бағалап отыр. «3 келі 600 грамм болып туған қыз. Оған әлі есім берілмеді, мұны әкімдік шешеді. Сәби толықтай сауығып кетпейінше ауруханада болады», — деп хабарлады басқармадағылар.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК «қылмысқа оқталу» және «шешесінің өз баласын өлтіруі» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полицейлер сәбидің шешесін іздеп жатыр.

Еске салайық, Жамбыл облысында жол бойында тұрған дәретханадан нәресте табылған болатын. Нәжіске малынып, шырылдап жатқан шақалақты дәрет сындыруға тоқтаған жүргізушінің бірі байқап, дереу дәрігерлерді шақыртыпты.

Дереккөзtengrinews.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Елнұр Бейсенбаев Аmanat фракциясының жетекшісі болды

Елнұр Бейсенбаев мәжілістегі Amanat партиясы фракциясының жетекшісі болды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 

Алматыда құны 6 миллиард теңгеден асатын жер учаскесі мемлекетке қайтарылды

Алматыда әскери прокурорлар құны 6 миллиард теңгеден асатын бұрынғы әскери госпитальдың жер учаскесін мемлекетке қайтарды.

Президент ҚХР Шыңжаң өлкесінің басшысын қабылдады

Президент ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы ҚКП партия комитетінің хатшысы Ма Синжуйді қабылдады.

Қазақстан халқы ассамблеясының XXХІI сессиясы 26-27 сәуірде өтеді

Мемлекет басшысы Қазақстан халқы ассамблеясының кезекті XXХІI сессиясын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Биыл көпбалалы отбасылар 66,9 миллиард теңге жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны орта есеппен 535,3 мың отбасы алды, бұл шамамен 66,9 миллиард теңге.