Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Үкіметтегі онлайн баспасөз мәслихатында айтты.
Тиімді еңбек нарығын құру үшін елдің миграциялық саясатын дамытудың маңыздылығы аз емес. Сондықтан президент жолдауында көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын әзірлеу міндетін қойды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон жөніндегі комитеті құрылады, — деді ол.
Сонымен бірге ол елдің оңтүстік өңірлерінен солтүстігіне қарай қоныс аударатын тұрғындарға төлем жасаудың тетігі жетілдірілетінін атап өтті.
Қоныс аударғандарға үй құрылысына арналған жер телімінен бөлек, ауыл шаруашылығын жүргізуге де жер ұсыну мүмкіндігі жасалады, — деді Ералы Тоғжанов.