Басты бетҚоғамЕлімізде той...

Елімізде той жасауға неліктен рұқсат берілді?

Елімізде бірқатар іс-шараны өткізуге рұқсат бердік, бірақ қатаң шарттары бар. Біріншіден, шараға қатысушылардың Ashyq-та «жасыл» мәртебесі болуы керек. Біз эпидемиология жағдайын ескере отырып, біртіндеп қалыпты өмірге оралуымыз керек. Салтанатты шаралардың өткізуге рұқсат беру — бұл тек той-томалақ өткізуге қатысты емес. Бірінші кезекте мәселе шағын және орта бизнесті қолдау төңірегінде болып отыр. Бұл — күн тәртібіндегі ең маңызды мәселенің бірі, — деді Ералы Тоғжанов.

Премьер-министрдің орынбасары салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын айтты.

Елімізде салтанатты іс-шараларды өткізу қатаң бақылауда болатынын еске салғым келеді. Қазақстанда коронавирустың таралуын бақылау мен тоқтату шаралары күн тәртібінен түспейді, — деді ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, биылғы 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен бірнеше іс-шара өткізуге рұқсат етілді.