Бұл туралы Сырты істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Қазақстанның Кабулдағы елшісі Әлімхан Есенгелдиевтің Ауғанстан уақытша үкіметіндегі сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы Әмір Хан Муттакимен кездесуі кезінде ауған халқына азық-түлік пен басқа да гуманитарлық көмек көрсету мәселелері талқылаған.
Сонымен бірге Ауғанстанның сыртқы саяси ведомствасының басшысы Қазақстан тарапына өтпелі қиын кезеңде ауған халқына елеулі қолдау көрсетуге әзірлік білдіргені үшін алғысын айтты.
Оның айтуынша, Ауғанстанның жаңа билігі барлық елмен, бірінші кезекте көршілермен және өңірдегі мемлекеттермен бейбіт қарым-қатынас орнатуға, сондай-ақ ел аумағынан олардың қауіпсіздігіне қандай да бір қатердің туындауына жол бермеуге дайын екендігін растайды. Қазақстанның сыртқы саясатына, соның ішіндегі ауған бағытындағы ұстанымына құрметпен қарайтыны айтылды.