Қазақстан − Сауд Арабиясы үкіметаралық комиссиясының 5-ші отырысы барысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов отандық QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.
Біз саяхатқа шектеулерді азайту үшін вакцина паспортын екіжақты тануды қолдаймыз. Егер Сауд Арабиясы тарапы мүдделі болса, Қазақстан QazVac вакцинасын Сауд Арабиясына жеткізу мүмкіндігін, сонымен қатар Корольдікте қазақстандық вакцинаны бірлесіп өндіру мүмкіндігін қарастыруды ұсынады, − деді Бақыт Сұлтанов.
Бизнес-форум Нұр-Сұлтанда өтіп жатыр. Оған екі елдің іскер тобы мен 170-тен астам бизнес өкілі қатысып отыр.