Қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші дозасын салдырған азаматтардың «жасыл» мәртебесі 21 күн сақталады. Егер адам екінші компонентін салдырмаса, мәртебесі «көкке» ауысады.
Вакцинаның толық курсын салдырған азаматтар бір жыл көлемінде «жасыл» мәртебеге ие болады.
Ал коронавируспен ауырып, айыққандар үш ай көлемінде «жасыл» мәртебе көрсетеді.
«Сары» мәртебесі бар азаматтар ПТР-тесті оң нәтиже берген адаммен байланысқан күннен бастап 14 күнтізбелік күннен кейін «көкке» ауыстырылады.