Басты бетЖаңалықтарҚазақстанның солтүстік-батысында...

Қазақстанның солтүстік-батысында қар жауады

Республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, фронтальды бөліктердің әсерінен жаңбыр жауады, батыста қатты жаңбыр, республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында жауын-шашын, солтүстік-батысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстікте, батыста найзағай ойнайды, − делінген хабарламада.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, екпіні 23-28 м/с дейін жетсе, Ақмола облысында жел едәуір күшеюі мүмкін.

Сонымен бірге Түркістан, Қызылорда, Қарағанды және Атырау облыстарында да жел болады. Ал Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында найзағай соғып, жаңбыр жауады.