Басты бетСпортАлтай Көлгінов...

Алтай Көлгінов Astana Marathon 2021-ден түскен қаражат қайда жұмсалатынын айтты

Astana Marathon 2021 — қайырымдылық шара. Биыл жиналған қаражат ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған жабдықтар сатып алуға жұмсалады. Бұған дейін Astana Marathon ұйымдастырушылары қайырымдылық ұйымдары үшін 37 миллион теңгеден астам қаражат жинады, — деп жазды ол Instagarm-дағы парақшасында.

Алтай Көлгіновтің айтуынша, Astana Marathon – әуесқой желаяқтар мен спортпен шұғылданатындар арасында танымал шара.

Қала тұрғындарына арнап спорттық іс-шараны ұйымдастырып жатқанымызға қуанамыз. Себебі екпе алған тұрғындардың саны артып, қала қалыпты өмір ырғағына оралып жатыр. Жарысқа вакцина алған тұрғындар қатысты. Жүгіру аумағына Ashyq жобасы енгізілді. Марафонға жастардың да, ересек тұрғындардың да қатысқаны қуантады. Қатысушылар арасында рухы мықты жандар – ерекше қажеттілігі бар тұрғындарымыз, шетелден келген қонақтар және алғаш рет қатысқандар. Astana Marathon 2021 екі қашықтық бойынша өтеді: 42.2 және 10 шақырым. Қазіргі марафон 2019 жылы World Athletics ұйымы берген «қола» статусына ие. Марафонда ең бастысы мәреге бірінші болып келу емес, іс-шараның өзінен ләззат алу. Өйткені, жүгіру және үнемі спортпен шұғылдану денсаулыққа оң әсер етіп, иммундық жүйені нығайтады. Әрбір қатысушы – жеңімпаз, өйткені табандылық пен жаттығудың арқасында кедергілерді еңсере алды, — делінген Нұр-Сұлтан әкімінің жазбасында.