Басты бетЖаңалықтарСәуле Омарова...

Сәуле Омарова АҚШ-тағы банк секторының басшысы лауазымына ұсынылды

Басылым мәліметі бойынша, Сәуле Омарованың кандидатурасы ресми түрде осы аптада ұсынылуы мүмкін. Бұл лауазымға бекітілген жағдайда, Қазақстанның тумасы 1863 жылы құрылған реттеушіні басқаратын алғашқы әйел болады.

Байденнің таңдауын прогрессивті демократиялық заң шығарушылар мақұлдайды деп күтіліп отыр, бірақ ол республикашылардан қолдау ала алмауы мүмкін. Сондай-ақ, Омарова криптовалюталарды сынға алуымен танымал. Америкалық ақпарат көздерінің айтуынша, тамыз айынан бері Ақ үй әкімшілігі Сәуле Омарованың кандидатурасын зерттеп жатыр.
OCC − АҚШ Қаржы министрлігінің Тәуелсіз бөлімшесі. Реттеуші 1200 триллион долларлық жиынтық активтері бар 14 банкті бақылайды, бұл елдің банк жүйесінің барлық активтерінің үштен екісін құрайды.
Осылайша, OCС Федералды резервтік жүйемен (ФРЖ) және Федералды депозиттерді сақтандыру корпорациясымен (Federal Deposit Insurance Corporation, FDIC) қатар ең ықпалды америкалық қаржылық реттеушілердің бірі.
Сәуле Омарова Корнель университетінің Банктік құқық профессоры, ММУ (1989), Висконсин университетінің (1999) және Солтүстік-Батыс университетінің (2001) түлегі, Заң ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.