Ерболат Мұхамеджан академиялық адалдық лигасының жаңа басшысы болды

Жиын барысында Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан академиялық адалдық лигасы кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бүгінде қауымдастықтың құрамына еліміздің 11 жоғары оқу орны кіреді.

Академиялық адалдық лигасы тек академиялық сапасы жоғары және кез келген академиялық әділетсіздікке жол бермейтін университеттермен ғана байланысты болуы керек. Лига Білім және ғылым министрлігінің сапасыз жоғары оқу орындарын жабу мен сұранысқа ие емес мамандықтардың лицензиясын қайтару бойынша қазіргі саясатын қолдайды, − деді қауымдастықтың жаңа басшысы.

Айта кетейік, Ерболат Мұхамеджан «Atameken TV» арнасы бас продюсерінің орынбасары, білім және ғылым министрінің кеңесшісі және «Ақпараттық-талдау орталығы» АҚ-ның басқарушы директоры қызметтерін атқарған.