Сот Елжан Біртановтың өтінішін өзгеріссіз қалдырды

Осы жылдың 14 қыркүйегінде Елжан Біртановты үй қамауында ұстау тағы екі айға ұзартылған еді. Бұл тараптардың қылмыстық іс материалдарымен танысып үлгеруі үшін жасалды. Алайда адвокаттар соттың бұл шешімімен келіспей, клиентінің бостандығын шектеуге болмайды деп талап етті.

Бүгін, 24 қыркүйектегі апелляция белгіленген уақыттан шамамен бір сағатқа кеш басталды. Нұр-Сұлтанда қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Мұрат Солтыбаев бұған дейінгі сот процестерінің кейінге шегерілуіне байланысты кешіккенін түсіндіріп, кешірім сұрады.

Содан кейін Елжан Біртановтың адвокаттары 2021 жылғы 14 қыркүйекте өткен соттың үйқамақ мерзімін ұзарту туралы шешімімен келіспейтінін айтты. Алайда шамамен бір сағатқа созылған отырыста судья 14 қыркүйектегі тергеу сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.