Басты бетЖаңалықтарАлматыда қаруы бар адам балабақшаға кірмек болды

Алматыда қаруы бар адам балабақшаға кірмек болды

Мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға Наурызбай ауданындағы коттедж қалашығында орналасқан «Ашамай-2» балабақшасында болған. Әлеуметтік желіде оқыс оқиға туралы қызу талқыланып жатыр. Балабақша күзеті полиция жасағын шақыруға мәжбүр болды.

Қару газ тапанша екені анықталды, ресми рұқсат құжаты бар. Іс жүргізу нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қолданылатын болады, − делінген хабарламада.