Басты бет Жаңалықтар Әлем байлығының тең жартысы сегіз адамның иелігінде

Әлем байлығының тең жартысы сегіз адамның иелігінде

Кедейшілікпен күрес жөніндегі Oxfam ұйымының ресми сайтының есептеулері бойынша биылғы жылы әлемдегі сегіз мультимиллиардердің байлығы Жер бетіндегі 3,6 миллиард халықтың жалпы жағдайынан асып түскен, деп жазады egemen.kz.

ntv.ru
Зерттеуге сәйкес, әлемде байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық рекордтық деңгейге жеткен. Дәулетті адамдардың байлығының 1 пайызы жер бетіндегі адамдардың 50 пайызының дүние-мүлкіне сәйкес келеді.

Өткен жылы зерттеу нәтижесі басқаша болатын: 62 ең бай адамның меншігіндегі дәулет 4 миллиард адамның жағдайына тең болған. Бұл мәліметтер негізінен Үндістан және Қытайдан келген ақпараттар негізінде жаңартылған.

Баяндамада алғашқы триллионер таяу 25 жылдың ішінде пайда болуы мүмкін дейді. Бұл уақытта Жер бетіндегі әрбір оныншы адам күніне екі доллардан кем ақшаға өмір сүреді екен.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version