«Air Astana» қаншаға сатылады?

«Air Astana» әуе компаниясы мемлекттік органдарға нақты бір қолға өтпеу туралы арыз түсіргенмен жекешеленетін нысандар тізіміне кірді. Ал компания жекешелендіру кезінде қаншаға сатылатыны туралы «Финам менеджмент» компаниясының сарапшысы Дмитрий Баранов болжап көрді, деп жазады LS

Сарапшының сөзінше, әуе компанияның қаншаға бағаланатынын нақты айту қиын. Оның үстіне бағалау әлі де жүргізіледі.

«Компания бағасы сату мерзіміне байланысты болады. Себебі компания биыл болмаса келесі жылы сатылуы мүмкін. Барлық компаниялардың сатылу бағасы 20-30 млрд теңге деңгейінде болады. Бірақ қайталап айтамын, бұл тек болжалды баға. Сондай-ақ, компания сатылым кезінде нақты бағаланады», — дейді Д.Баранов.

Еске салайық, 2015 жылдың желтоқсан айында Эйр Астана үлесі Катар еліне сатылатыны туралы қауесет тараған болатын. Осы уақытта компания Қазақстан үкіметіне өзіне тиесілі кво дәрежесін сақтап қалу туралы өтініш айтқан еді.

Сондай-ақ, Димитрий Барановтың ойынша, жекешелендіру әуе компанияның жұмыс нәтижесін жақсартады.

«Әлем тәжірибесінен көріп отырғанымыздай, мұндай альянстар ұлттық әуе компаниялардың үздік болуына, бәсекеге қабілеттігін арттыруға, әлемдегі танымал әуе тасымалының қатарына енуіне көмектеседі. Бұл жағдай әуе компания жекешелендірілгеннен кейін болуы мүмкін», — деді ол.

Желтоқсан айында азаматтық авиация комитеті компанияның жекешелендірілмейтіні туралы хабарланған болатын. Алайда 2016 жылдың 6 қаңтарында Ұлттық экономика министрлігі Air Astana-ның жекешеленетін нысандар тізімінде бар екенін жария етті. Компания үлесі IPO арқылы сатылады.

Дереккөз7kun.kz
Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Парламенттің алғашқы сессиясы 29 наурызда өтеді

Мемлекет басшысы сегізінші сайланған Қазақстан Республикасы парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы жарлыққа қол қойды. 

Қазақстанның сот жүйесі мен судьялар мәртебесі туралы заңына өзгеріс енді

Мемлекет басшысы «ҚР сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заңына қол қойды.

Жеңіс Қасымбек: LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайды

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысын Қытай компаниясы аяқтайтынын мәлімдеді.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады

Мемлекет басшысы мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек екенін айтты. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр.

Елімізге көлікпен бидай импорттауға тыйым салынуы мүмкін

Қазақстан аумағына көлікпен бидай импорттауға шектеу енгізілуі мүмкін. Бұл туралы «Ашық» НҚА порталында жарияланған ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығында жазылған.

Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы жұмыс жоспарларына тоқталды

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкіметтің алдағы уақытта шешетін негізгі міндеттерін атады.