Нұр-Сұлтан-Ыстамбұл бағытындағы ұшақ Атырау әуежайына шұғыл қонды

Нұр-Сұлтаннан Ыстамбұлға бет алған Boeing 767 ұшағы Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды.

Бұл туралы Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 қыркүйек күні кешкісін Түркияның ЫстаМбұл қаласына бағыт алған Boeing 767 жолаушылар ұшағы Х. Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болған. Алдын ала мәлімет бойынша, әуе лайнерінің жанармай жүйесіндегі ақауға байланысты қонуына тура келген. Алайда, мамандар бұл деректі әзірге растаған жоқ, бұл тек болжам, — делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жолаушылар ұшағының бортында 205 жолаушы, соның ішінде бес бала болған. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ

Дәурен Сейітжанұлы: Президент сөзінен кейін спортты дамыту кешенді түрде жүзеге асады деп ойлаймын

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған парламенттің бірінші сессиясында біршама бастама, бағдарлама қолға алынатынын айтты. Сөз арасында спорт инфрақұрылымын дамытудың жолын көрсетті.

«Ауыл» партиясы мәжіліске өткен депутаттар тізімін ұсынды

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мәжілістегі депутаттарының тізімін жариялады.

Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады?

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 1-3 сәуір аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын жариялады.

«Қазақстанның халық әртісі» атағы қайтарылады

Мемлекет басшысы мәдениет саласындағы саясатты жан-жақты ойластырып жүргізу керек екенін айтты. Қазір бұл саланы өркендету үшін жаңа тұжырымдама жасалып жатыр.

Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қанша?

Ұлттық банк доллар мен рубльдің 27 наурызға арналған бағамын белгіледі.

Абзал Бейсенбекұлы қаржы вице-министрі болып тағайындалды

Үкімет қаулысымен Абзал Бейсенбекұлы ҚР қаржы вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.