Басты бетҚоғамҚарағанды облысында...

Қарағанды облысында пойыз жылқыларды қағып кетті

Бұл туралы Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Салдарынан жануарлар өлді, ал олардың иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 559-бабы «Темір жол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелерін бұзу» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, — делінген хабарламада.

Осындай жағдай «Манадыр — Жомарт» аралығында да тіркелген. Жүк пойызы жылқыны қағып кетіп, жануардың иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Түркістан облысында жүк пойызының жүргізушісі түйемен соқтығысудың алдын алды. Түйелердің иесіне қатысты осындай әкімшілік хаттама толтырылды.

Көлік полициясының мәліметінше, Қазақстанда күн сайын ондаған жануар пойыздың астына түседі. Іс жүзінде әрбір кезекші тәулікте көлік полициясының қызметкерлері жылқылардың, түйелердің және ірі қара малдың шығу деректерін тіркейді.