Басты бетҚоғамАлматыдағы бассейнде...

Алматыдағы бассейнде уланып қалған балалардың жағдайы қалай?

Аурухана бас дәрігері орынбасарының айтуынша, балалардың жағдайы жақсы.

Таңғы сағат 10.30-да жедел жәрдем бригадасымен 11 бала жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап шығып, хлордан уланған деген диагноз қойды. Осыдан кейін детоксикация терапиясы басталды. Қазіргі уақытта балалар өздерін жақсы сезінеді, жағдайлары орташа, — деді бас дәрігердің ұйымдастыру-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Алуа Жексенова.

Бас дәрігер орынбасарының айтуынша, балалар токсикология бөлімінде жатыр. Олар бір-екі күн ішінде үйге шығарылуы мүмкін.

Еске салайық, Алматыдағы бассейндердің бірінде синхронды жүзу командасындағы 12-14 жастағы 11 қызы уланды.