Іс-шараға Әуезов ауданы әкімдігінің, Алматының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің, «Алматы – Адалдық Алаңы» жобасының, Қазақстан жазушылар одағының басшылары мен өкілдері, сонымен бірге қаланың құрметті мемлекеттік қызметкерлері қатысты.
Іс-шараға онлайн режимде құқық қорғау, білім беру, денсаулық сақтау және мемлекеттік органдардың ұйымдары қатысты.
Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы аясында ақпараттық-насихаттау жұмысының мәселелері, сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат Тұжырымдамасының жобасы талқыланды.
Арнайы шақырылған қонақ, белгілі ақын, Қазақстан жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып парасаттылық мәдениетін ілгерілетудің, өсіп келе жатқан ұрпақпен, түрлі этностар мен діндер өкілдерімен өзара іс-қимылды жандандырудың маңыздылығына ерекше назар аударды.
Дөңгелек үстел нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар қабылданды.