Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Олар бассейндегі сабақ кезінде хлор буына уланып қалған. Балалардың жасы 12-14-те. Барлығының жағдайы тұрақты, мамандандырылған бөлімге жатқызылды, — делінген хабарламада.
Қалалық денсаулық сақтау басқармасы Алмалы ауданының санитария дәрігерлері бұл деректі тексеріп жатқанын айтты.