Бруцеллез анықталған жағдайда мал иесі Заң бойынша 15 күн ішінде түлікті төлімен бірге міндетті түрде санитарлық союға тапсыруы тиіс. Себебі олар инфекция таратушы болып табылады, басқа жануарларға жұқтыруы мүмкін. Ветеринарлық қызмет жануарларды ет комбинатына дейін тегін жеткізеді. Кәсіпорын ауру малды жасына және жынысына қарай сатып алады, − дейді ветеринарлық қызмет маманы.
Мәселен, егер малдың еті мен ішкі мүшелерінде ауруға байланысты патологиялық өзгерістер болса, мал иелеріне орташа нарық бағасының 30%-і өтеледі. Ал ет таза болған жағдайда, он екі сағаттан кейін ол шектеусіз сатуға жіберіледі.
Өтемақы заң бойынша белгіленген құжаттардың толық пакеті болған жағдайда ғана жасалады. Қазіргі уақытта 25 ірі қара малға байланысты 4 адамнан құжаттар қабылданды. Жалпы сомасы 2,1 миллион теңге. Өтемақы тек қазан айынан бастап қана төлене бастайды, − дейді басқарма өкілі.