Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы атысқа қатысты пікір білдірді

Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына тағы да көңіл айтамын. Полиция қызметкері мен сот орындаушысы қызметтік міндетін орындады. Өкінішке қарай, оларға жасалған шабуылда қаза болды. Адамдарды өлтіруді себебі қандай болмасын ақтауға болмайды. Өркениетті қоғамда кез келген дау мен проблема тек құқықтық салада шешілуі керек. Сонымен қатар болған трагедияны егжей-тегжейлі түсіну керек, бұл – трагедия, – деді мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте.

Президенттің айтуынша, бұл банктердің кепілдік саясатына, бағалау қызметін реттеуге, жеке сот орындаушыларының жұмысына және басқа да аспектілерге қатысты. Осы мәселелерде ашық және біркелкі сот практикасын қамтамасыз ету аса маңызды екенін атап өтті.

Үкімет, Ұлттық банк пен қаржылық реттеу жөніндегі агенттік, егер қажет болса, бір ай мерзімде заңнамалық және нормативтік түзетулер топтамасын әзірлеуі керек. Бірақ менің ойымша, мұндай қажеттілік бар. Алайда мамандар бұл мәселені тағы да мұқият зерделеуге тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен Алматы әкімдігіне қайғылы жағдайдан зардап шеккеннің бәріне, бірінші кезекте балаларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Еске сала кетейік, 20 қыркүйекте сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданы Ақбұлақ шағынауданында ер адам 5 азаматты, оның ішінде 2 полиция қызметкері мен сот орындаушысын және үйдің жаңа иесін атып өлтірді.