Брифингте сыбайлас жемқорлыққа қарсы орган қызметінің 70%-і болдырмауға және парасаттылық жүйесін ілгерілетуге, ал 30%-і жазалау шараларына бағытталған.
Бұл бағытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізуді, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдауды және оларды кейіннен жоюды, әкімшілік кедергілер мен бюрократиялық рәсімдерді қысқартуды бөліп көрсеткен жөн.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу шеңберінде Департамент мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне 8 сыртқы талдау жүргізді, олар бойынша 173 ұсыным шығарылды. Қазіргі уақытта 2 талдау жүргізілді: спорт басқармасында; «Алатау Жарық компаниясы» АҚ-да. Талдау нәтижелері ресми ресурстарда және әлеуметтік желілерде жарияланады», − деді брифинг барысында Алматы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Данияр Таумұрат.