Мәліметтерге сүйенсек, полицияға қыздың анасы оның жоғалғанын айтып, шағым түсірген.
Бойжеткен 19 қыркүйек күні сағат 11:00-де үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Оны іздеуге қалалық полиция департаментінің жеке құрамы, ұлттық ұланның жеке құрамы, еріктілер кіріскен. Соңғы рет қызды Бараев көшесіне қарай көпірден көргені анықталды. Оны іздеуге сүңгуірлер тобы тартылды.
Осы жылдың 22 қыркүйегінде сағат 11:20-да полиция қызметкерлері ТЖМ жедел-құтқару жасағымен бірге Есіл өзенінен қыздың денесін тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, − делінген хабарламада.