Басты бетЖаңалықтарПрезидент: Қуаңшылық...

Президент: Қуаңшылық кезінде тиісті қаражат шаруаларға мезгілінде жетпеген

Мемлекет басшысы мұқтаж фермерлерге көмек көрсету кезінде шенеуніктердің сылбырлығын сынға алды.

Облыс әкімдігі мен құзырлы министрлік қайта-қайта қағазын түгендеп, құжатын реттеп отырғанда ахуалды тұрақтандыру үшін резервтен бөлінген тиісті қаражат қиналған шаруаларға мезгілінде жетпеген, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте.

Сонымен бірге өңірде құдық қазуға бөлінетін субсидия 80-нен 50 процентке дейін қысқарғанын айтты.

Үкіметке бұл шешімді қайта қарауды тапсырамын. Маңғыстау және Қызылорда облыстары үшін өтемақы мөлшерін қайтадан 80 процентке дейін көбейту қажет. Құзырлы министрлік шөлді аймақта ауыл шаруашылығын дамыту үшін ұсыныс енгізсін. Оның ғылыми негізі болуы шарт. Халықаралық озық тәжірибені, соның ішінде Израильдің тәсілін зерттеңіздер, – деді мемлекет басшысы.