Қазақстандықтар аумақтық департаменттердің басшыларына білім беру саласындағы қандай да бір проблемалар туралы тікелей хабарлай алады. Мәселен, бұл мектепте ақша жинау, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту, педагогикалық этиканы бұзу, білім беру ұйымдарында қауіпсіздік жүйелері элементтерінің болмауы немесе жұмыс істемеуіне (бейнебақылау камералары, дабыл батырмалары) қатысты және тағы басқа мәселелер болуы мүмкін, − делінген министрлік хабарламасында.
Бұған дейін БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефондарын жариялаған еді.
Өткен демалыс күндері комитетке 300-ге жуық қоңырау шалынып, хабарламалар түскен. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып, Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің қызметкерлері қажетті жұмыстар жүргізіп жатыр.