Басты бетМәдениетАрхив қызметкерлерінің...

Архив қызметкерлерінің жалақысы 20% көбейеді

Шынын айту керек, архив ісімен сол салаға берілген адам ғана айналысады. Себебі өзіңіз ойлаңыз жабық, қараңғы жерде ескі қағаздарды қопарып, тазалап және оны қалыпқа келтіріп отыру керек. Сондықтан да бұл іспен екінің бірі айналыспайды. Осы орайда архив ісі алға қойылып, мамандарға жағдай жасау керек деп ойлаймыз. Қазіргі таңда архив саласындағы қарапайым маманның орташа жалақысы 60 мың теңгенің айналасында, — деді Ғабидолла Әбдірахманов «Тәуелсіздік және Елбасы: жасампаздықтың жаңа тарихы» халықаралық практикалық конференциясында.

Конференция барысында вице-министр 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың төменгі жалақысы 20 процентке көбейетінін айтты.