Басты бет Жаңалықтар Зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын қаржы алу идеясы қарастырылып жатыр

Зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын қаржы алу идеясы қарастырылып жатыр

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова білім алуға, емделуге және несиеге зейнетақы жинағынан ақша алу мүмкіндігіне қатысты ұсынысына орай пікір білдірді, деп хабарлайды Inform.kz

көрнекі сурет

Депутат Гүлжан Қарағұсова Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жаңа басшысы Нұрбибі Наурызбаеваның зейнетақы қорынан мерзімінен бұрын қаржы алуға қатысты ұсынысына пікір білдірді.

«Бұл мәселені барынша тыңғылықты талқылау қажет. Мұндай халықаралық тәжірибе бар. Бірақ, онда барынша өзекті есептеулер жүргізу керек. Кейбір салымшыларда белгілі бір қаржының бар екендігі жасырын емес. Алайда, ол қажетті сомасын алған соң одан өмір сүруіне қажетті  тым болмағанда орташа деңгейде қаржысы қалуы тиіс. Ендігі уақытта ынтымақты зейнетақы болмайды. Жинақтаушы және базалық зейнетақы ғана қалады. Мен министр болғанда жалақы өте төмен еді. Біз бұл тәжірибені зерделегенбіз», — деді Гүлжан Қарағұсова.

Айта кетейік, егер тиісті заңнамаға өзгерістер енгізілсе, қазақстандықтар зейнетақы жинақтарының бір бөлігін оқуға, емделуге немесе ипотека алуға жұмсай алады.

«Ұлттық банк төрағасы да бұл мәселе туралы айтқан, яғни бұл әлемдік тәжірибе болғандықтан, талқылап жатырмыз. Егер бұл заңмен бекітілсе, зейнетақы қорының бір бөлігі ең керекті дүниелерге, емделуге, білім алуға немесе ипотека алуға беріледі. Қазіргі таңда азаматтарға ең қажетті осы үш бағыт алынып отыр», — деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Нұрбибі Наурызбаева.

Қазір зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын шешіп алу мәселесеі талқыланып жатыр.

4 пікір

  1. Ойларыңыз оңды, тек бір зарплатаға қарап отырған мұғалімдер үшін тиімді болар еді студенттер бар тұрмыс жпғдайымыз шамалы ғой

  2. Өте тиімді болар еді мұғалімдерге балаларымыз студент өзіміз шамалы еңбек ақымен жүүргенде осындай өзгерістер адамға сәлде болса көмек болар еді

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version