20 қыркүйекте Caspian life интернет ресурсында Атырау қаласынан 25 шақырым қашықтықта Жайық өзенінің арнасы кебуіне қатысты материалдар жарияланды. Осыған байланысты Cу ресурстары комитетінің Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының өкілдері Атырау облысының әкімдігімен бірлесіп, бұқаралық ақпарат құралдары материалдарында көрсетілген орынды тексерді.
Бұл жершоғырлану-қуғындау құбылыстарының әсер ету аймағында екендігі анықталды. 2021 жылғы 19-20 қыркүйекте өзеннің осы учаскесінде солтүстік-батыс бағытта жел байқалды, бұл Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына әсер етті және соның салдарынан осы учаскеде Жайық өзені арнасында аралдардың пайда болуына әкеп соқты, — делінген хабарламада.
Ведомствоның хабарлауынша, бүгінде өзеннің осы учаскесіндегі жел оңтүстік-батыс бағытта соғып жатыр. Осыған байланысты кері айдау жүреді және пайда болған аралдар су астында қалады.
Кейінгі жылдары Жайық өзенінің бассейнінде ұзаққа созылған су аздығы кезеңі жалғасып жатқанын атап өтеміз. Январцево гидробекетінің шекаралық тұстамасында байқалған ағын 3,5-5,5 км3 деңгейінде, орташа көп жылдық ағын кезінде 8,14 км3 құрады, бұл оның орташа көп жылдық мәнімен салыстырғанда 2 есе азайғанын көрсетеді, — делінген хабарламада.
Министрліктің баспасөз қызметі Жайық өзенінің негізгі ағысының 80% Ресей Федерациясының аумағында қалыптасатынын хабарлады.