Басты бетҚоғамҚазақстанның қай...

Қазақстанның қай өңірінде өндірістегі жазатайым оқиғалары көп тіркеледі?

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті хабарлады.

Өндірістік жарақаттану деңгейі 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,9% өскен (өткен жылдың 8 айында 912 адам зардап шекті).

Бұл ретте өндірістік жарақаттанудан қаза табу жағдайлары 12,3% төмендеді (2020 жылы осы кезеңде өндірісте 130 адам қаза тапты). Өндірістік жарақаттанудың жоғары деңгейі бұрынғыдай Қарағанды (169 адам зардап шекті), Шығыс Қазақстан (111 адам), Павлодар (77 адам), Қостанай (73 адам), Ақтөбе (72 адам) облыстарында сақталуда, — делінген хабарламада.Экономика салалары бойынша зардап шеккендердің ең көп саны тау-кен-металлургия кешенінің кәсіпорындарында – 134 адам (19,4%) және құрылыс саласында – 80 адам (11,6%) байқалады, — делінген хабарламада.