Нұрсұлтан Назарбаев пандемия салдарынан жаңа дағдарыс болуы мүмкін екенін айтты

Бұл туралы Elbasy.kz хабарлады.

Кездесуде тараптар пандемия жағдайындағы дүниежүзі экономикасының одан әрі даму перспективасына қатысты пікір алысты.

Қазақстанның экс-президенті дүниежүзінде эпидемиология ахуалының нашарлауы жаңа дағдарысқа әкеп соғуы мүмкін екенін айтты.

Бүгінде пандемия салдарынан күрделі кезең қалыптасып отыр. Осылай жалғаса берсе, жаңа дағдарыстар туындауы ықтимал. Қазірдің өзінде қарыз дағдарысы пайда болды, инфляция дағдарысы белең алып, энергия ресурстары арзандайды деген болжам бар, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Әңгіме барысында тараптар өңірдегі экономикалық жағдайдың даму болжамдарын, сонымен бірге сын-қатерлердің алдын алу шараларын әзірлеу мәселелерін талқылады.