Бұл туралы Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі базасында өткен онлайн брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова айтты.
Облыста 14 ПТР зертханалары жұмыс жасайды. Ондағы мәліметтер бірыңғай электронды порталға интеграция жасалды. Індет басталғалы 1 597 023 зерттеу жасалды,- деп нақтылады Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
Вирустың таралу деңгейінің төмендеуіне байланысты, облыс бойынша инфекциялық төсек орындар саны қысқартылып жатыр. Мәселен, Атырау облыстық ауруханасы жоспарлы емдеуге көшті.
Қазіргі таңда инфекциялық стационарда 518 науқас емделуде. Ал, осыдан бір ай бұрын 1818 науқас инфекциялық стационарда жатқан болатын,- деп атап өтті спикер Бақытгүл Хаменова.
Еске сала кетелік, пандемияға байланысты Атырау қаласында 200 орындық модульдік инфекциялық аурухана, Жылыой ауданындағы Құлсары қаласында 200 орындық модульдік аурухана іске қосылды.