Бүгін біздің корпоративтік университетте квазимемлекеттік ұйымдардың комплаенс-қызметкерлерін оқыту басталды. Аталған бастама Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, елімізде аталған жаңа қызметті ілгерілету мақсатында қолға алынды. Себебі бұл қызметке маман табу өте қиын, оны өз басымнан білемін. Оның үстіне комплаенс-қызметі елімізде енді енгізіліп жатыр, кейбір квазимемлекеттік ұйымдар оның түпкі мақсатын түсіне қоймайды, Дәурен Ақшалов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде өткен AntikorLive жобасының эфирінде.
Сонымен бірге ол шетелде бұл қызмет түрі алға қойылғанын және жетістікке бір күннің ішінде қол жеткізбегінін айтты.
Дәурен Ақшаловтың айтуынша, комплаенс-қызметкеріне қойылатын басты талаптың бірі − адаммен тіл табыса алу. Осы орайда спикер комплаенс-қызметкердің міндетіне кең ауқымды деректермен жұмыс істеп, талдау жүргізу кіретінін мәлім етті.