Басты бет Жаңалықтар Денсаулық сақтау министрлігінің «Инстаграмдағы» аккаунты жалған

Денсаулық сақтау министрлігінің «Инстаграмдағы» аккаунты жалған

Instagam әлеуметтік желісінде құрылған «Денсаулық сақтау министрлігі» аккаунттары жалған, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Денсаулық сақтау министрлігінің жалған парақшасы

Instagam әлеуметтік желісінде «Денсаулық сақтау министрлігі» атты бірқатар шындыққа жанаспайтын аккаунттарды белгісіз адамдар құрған.

Оларда жарық көрген кез келген ақпарат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің (әр» қарай – ҚР ДСӘДМ) ресми ұстанымы болып табылмайды.

Бүгінгі таңда ҚР ДСӘДМ-нің аталған әлеуметтік желіде ресми парақшасы жоқ. Сондықтан, ҚР ДСӘДМ ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіне тиісті шараларды қабылдау мақсатында хат жібереді.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ДСӘДМ қызметіне қатысты барлық шынайы ақпарат министрліктің www.mzsr.gov.kz  ресми сайтында жарияланады.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version