Басты бетҚоғамЕлімізде той...

Елімізде той жасауға рұқсат етілді

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиялық жағдай тұрақтанғанын, кейінгі 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60%-ке төмендегенін айтты.

Осыған байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар шешім қабылдады:

  • 27 қыркүйектен бастап «Ashyq» бойынша «қауіпсіз» мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етіледі;

(Карантиндік талаптар жеңілдетілген нысандар тізімі кестеде көрсетілген)

  • 16 елмен әуе қатынасы жаңартылады және ұлғайтылады (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзербайжан);
  • Қолайлы эпидемиялық ахуалы және халықты вакциналаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта басталады (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

Сонымен бірге Е.Тоғжанов вакцинацияға қолжетімділікті арттыру мақсатында әкімдіктерге әуежайларда, темір жол вокзалдарында, ірі  базарлар мен сауда орындарында талаптарға сәйкес келетін пункттер ұйымдастыруды тапсырды.

Ведомствоаралық комиссия отырысының қорытындысы бойынша премьер-министрдің орынбасары бірқатар нақты тапсырма берді.