Басты бетМедицинаҚазақстанда коронавирустың...

Қазақстанда коронавирустың жаңа штамы анықталды

Ведомство басшысының айтуынша, министрлік коронавирус штамдарының айналымын анықтау жұмыстарын жалғастырып келеді.

Ол биыл шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізілгенін айтты.

Секвенирлеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасында 96 үлгіде штамдар айналымы белгіленген (Delta «Үнді штамы» – 57 (59,4%), Alpha «ұлыбританиялық» – 24 (25%), «Ухань» коронавирусы – 10 (10,4%) және eta «Нигерия» – 5 (5,2%)). Eta «Нигерия» штамының айналымы 4 өңірде айқындалды (Қарағанды – 1, Маңғыстау – 2, Павлодар – 1, Нұр-Сұлтан – 1), – деп жазды денсаулық сақтау министрі Facebook-тегі парақшасында.

Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының 2021 жылғы 15 қыркүйектегі деректері бойынша Eta штамы әлемнің 77 елінде бөлінген, ДДҰ санаты бойынша «бақылауды» талап ететін штамдарға жататынын атап өтті.

Клиникалық белгілері Alpha (ұлыбританиялық) және Beta (Оңтүстік Африка) штамдары (жоғары қызба, жөтел, иіс пен дәм жоғалту, ауыр ауру және т.б.) сияқты. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі әрбір қазақстандықты өз денсаулығын және жақындары мен туыстарының денсаулығын сақтауға қамқорлықпен қарауға шақырады. Инфекциядан және ауруханаға жатқызудан қорғаудың жалғыз тиімді әдісі – COVID-19 вакцинациясының аяқталған курсы, – деді министр.

Сонымен бірге ол вирустың таралу қаупін азайту үшін барлық болдырмау шараларын, яғни маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау, қол гигиенасы, үй-жайларды желдету және тағы басқа талаптарды сақтау қажеттігін жеткізді.