Қапшағай су қоймасында екі адам құтқарылды

Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлім еткендей, 19 қыркүйекте сағат 14:50 шамасында Қапшағай су қоймасына балық аулауға резеңке қайықпен аттанған 2001 және 2002 жылы туған екі азаматты су ағыны Қапшағай СЭС құрылысы жағына ағызып әкеткен.

Екі жас жігітті құтқарушылар жағаға жеткізіп, оларға судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыс жүргізді.

Оқиға орнына ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары моторлы қайықпен жіберілді. Оқиға орнына келген бойда, қайық Қапшағай СЭС бөгетіне қатты ағыспен келіп, ол жерден балалар өз бетінше шыға алмағаны анықталды. Олар бөгеттің құрылысына көтеріліп, көмек күткен, − деп хабарлады ведомствадан.