Басты бетЖаңалықтарЖеке кәсіпкер...

Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу тәртібі өзгерді

Алматы мемлекеттік кіріс департаментінің хабарлауынша, енді азаматтар кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерту жіберген сәттен бастап кәсіпкер ретінде санала береді. Демек, енді азаматтар жеке кәсіпкерлік ашу үшін салық органына өтініш берудің орнына бар болғаны кәсіпкерлікпен айналысатыны туралы ескерту жібереді.

Ескертуді екі жолмен жіберуге болады: электронды – ҚР электронды лицензиялау порталы арқылы немесе мемлекеттік кіріс мекемелеріне барып құжатты қағаз күйінде алып баруға болады. Екі жағдай да жеке кәсіпкерлікті тіркеу уақыты бір күн.

Ескерту жіберілгеннен кейін азаматқа кәсіпкер болғаны туралы ешқандай да құжат берілмейді және алым алынбайды.

Егер жеке кәсіпкерлікті бірнеше адам бірігіп ашса, онда құзіретті адам барлық мүшелер атынан сенімхат тапсыруы тиіс.

Дереккөзnaryk.kz